26.03.2010, 12:23 2552

Ағымдағы жылдың 28 наурызында республиканың 13 өңіріндегі 52 сайлау округінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді - ОСК

Ағымдағы жылдың 28 наурызында республиканың 13 өңіріндегі 52 сайлау округінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді - ОСК

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 28 наурызында республиканың 13 өңіріндегі 52 сайлау округінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, барлығы облыстық мәслихаттардың - 11, қалалық мәслитаттардың - 7, аудандық мәслитаттардың 34 депутаты сайланатын болады. "Сайлау қажетті қаржылық, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген. Сайлау науқаны барысында 149 кандидат ұсынылды. Олардың 54-ін саяси партиялар 2-ін - қоғамдық ұйымдар ұсынған және 93-і - өзін-өзі ұсынғандар. "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы барлық 52 сайлау округі бойынша кандидаттар ұсынды",- делінген хабарламада.

ОСК мәліметінше, "қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде 124 адам тіркелген. Олардың 54-і Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 55-і - партияда жоқтар, 15-і - партияға қатыстылығын көрсетпеген. Тіркелген кандидаттардың 106-ы - ер адамдар, 18-і - әйелдер. 99 кандидаттың жоғары, 15 кандидаттың - орта арнаулы және 10 кандидаттың - орта білімі бар".

Қазіргі кезде сайлауалды үгіттің соңғы кезеңі жүріп жатыр, ол 26 наурыз күні түнгі сағат 24.00-де аяқталады. Сайлау қарсаңындағы күні және дауыс беру күні үгіт жүргізуге тыйым салынған. Сайлау науқаны сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес өтуде.

"Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ. Дауыс беру 2010 жылғы 28 наурызда 317 сайлау учаскесінде өтеді. Сайлау заңнамасына сәйкес әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкімнің қолы қойылған сайлаушылар тізімі тиісті сайлау комиссиясына заңмен белгіленген мерзімде акт бойынша ұсынылған. Азаматтардың тиісті сайлау учаскелерінің үй-жайында сайлаушылар тізімімен танысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Ирбір азамат сайлаушылыр тізіміндегі өзі туралы ақпаратты тексеруге және тізімге енгізілмеуі, дұрыс енгізілмеуі немесе тізімнен шығарылып тастауы, сондай-ақ тізімдердегі сайлаушылар туралы мәліметтерде орын алған дәлсіздіктер туралы шағымдануға құқылы",- деп хабарлайды ОСК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны