29.08.2006, 12:15 3150

Ақ үйдегілер Қазақстан президентінің Вашингтонға сапарына дайындалуда

АЛМАТЫ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Ақ үйдегілер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қыркүйек айының аяғына межеленген Вашингтонға сапарына дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің ақпарат көзі - "Вашингтион пост" газетіне сілтеме жасап.

Басылым ақпаратына сәйкес, АҚШ-қа сапары кезінде Н.Назарбаев Ақ үйдегі келіссөздермен бірге құрметті меймен ретінде Буштар отбасының Атлант мұхитының жағалауындағы Кеннебанкпорттағы (Мэн штаты) атақонысында қонақта болмақ.

Қазақстан мемлекет басшысының Кеннебанкпортқа баратынын АҚШ-тың бұрынғы президенті - қазіргі Ақ үй басшысының әкесі үлкен Джордж Буштың баспасөз хатшысы Томас Фречетте де газетке растады.

Н.Назарбаевтың Вашингтон сапары мен Кеннебанкпортқа баратыны туралы ақпарат әлі ресми түрде жарияланбауға байланысты Ақ үй әзірге қандайбір мәлімет беруден бас тартуда. Алайда, "Вашингтион пост" газетінің хабарлауынша, өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Эван Фейгенбаум Қазақстанда болды, ол Қазақстан президентінің Вашингтонға сапарына дайындық мәселелерімен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны