10.01.2012, 13:43 3795

"Ақ жол" партиясы Қарағандыда сайлаушылармен кездесті

Бүгін Қарағандыда "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев темірбетон бұйымдарды жасайтын "Нұрхан" ЖШС зауыттың цехында сайлауышлармен кездесті.

Қарағанды. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы Қарағандыда сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қарағандыда "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев темірбетон бұйымдарды жасайтын "Нұрхан" ЖШС зауыттың цехында сайлауышлармен кездесті.

Партияның көшбасшысы кәсіпорын жұмысшыларын партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Сондай-ақ құрылыс саласының мәселелері де сөз болды.

Азат Перуашев "Ақ жол" партиясы интеллегенция мен бизнесмендердің партиясы екендігін атап өтті. "Ақжолдықтар" Парламентте өкілетті фракция құрмақ ниетте, - деді А. Перуашев.

"Жалпы алғанда біз экономикалық салаға, атап айтқанда, отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударып отырмыз", - деді партия төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны