20.01.2012, 14:50 3615

"Ақ жол" партиясы мәжіліс қабырғасында көбіне экономикалық мәселелерді қозғайтын болады

"Біздің партиямыздан Мәжіліске депутат болған азаматтың әрқайсысы өз халқының тағдырына бей-жай қарамайтын ұлтшыл азаматтар", деп мәлім етті бүгін, 5-інші шақырылған Парламенттің 1-інші сессия отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы Мәжіліс қабырғасында көбіне экономикалық мәселелерді қозғайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің партиямыздан Мәжіліске депутат болған азаматтың әрқайсысы өз халқының тағдырына бей-жай қарамайтын ұлтшыл азаматтар", деп мәлім етті бүгін, 5-інші шақырылған Парламенттің 1-інші сессия отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Депутаттың айтуынша, ақжолдықтар еліміздің, ұлтымыздың мүддесін қорғайтын нағыз азаматтар. "Ал Парламент Мәжілісінің құрамына келетін болсақ, "Нұр Отан" партиясынан сайланған депутаттардың арасында да білікті, елін сүйетін, адал азаматтар бар. Бұлай дейтініміз, кез-келген жағдайда, кез-келген мәселеде кемшілік болса, оны тура айтуға де дәлелдеуге де болады. Жалпы "Ақ жол" партиясы Мәжіліс қабырғасында көбіне экономикалық мәселелерді қозғайтын болады",-деді А.Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны