08.01.2012, 15:07 5662

"Ақ жол" партиясының пайымдауынша, ауылдан шыққан балалар болашақта Қазақстанның мақтанышына айналуы мүмкін

"АҚ ЖОЛ" партиясы ауылды халқымыздың бесігі деп есептейді. Біз экономикалық ұлтшылдықты жақтаймыз, бұл сөздерден еш қорқудың қажеті жоқ. Экономикалық ұлтшылдық сөздерінің астарында еліміздің барлық байлығы Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру жолында пайдаланылуы тиіс деген мағына жатыр", - деп Азат Перуашев атап өтті Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы сайлаушыларымен кездесуі барысында.

Қызылорда. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының пайымдауынша, ауылдан шыққан балалар болашақта Қазақстанның мақтанышына айналуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АҚ ЖОЛ" партиясы ауылды халқымыздың бесігі деп есептейді. Біз экономикалық ұлтшылдықты жақтаймыз, бұл сөздерден еш қорқудың қажеті жоқ. Экономикалық ұлтшылдық сөздерінің астарында еліміздің барлық байлығы Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру жолында пайдаланылуы тиіс деген мағына жатыр", - деп Азат Перуашев атап өтті Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы сайлаушыларымен кездесуі барысында.

Естеріңізге сала кетсек, сайлауалды бағдарлама аясында партия төрағасы Азат Перуашев бастаған "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның үгіт-насихат тобы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі кездесулерін жалғастыруда. 7 қаңтар күні "ақжолдықтар" Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы сайлаушыларымен кездесу өткізді. Құрамында белгілі журналист және ақын Қазыбек Иса, кәсіпкер, "Жас маман" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Ілияcов, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев және т.б. партияның белді мүшелері бар үгіт-насихат тобын жаңақорғандықтар жылы қарсы алды. Кездесуде "ақжолдықтар" негізінен сайлауалды тұғырнамасындағы ауыл халқының мүддесін қорғайтын бағыттары туралы айтты",- деп хабарлады ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша.

"Қызылорда облысы қашанда өзінің белгілі спортшыларымен атағы шыққан аймақ. Сондықтан үгіт-насихат тобымен кездесуге ата-аналарына ілесе бокспен айналысып жүрген көптеген жас жеткіншектер де келді. Себебі, олардың пір тұтатын спортшысы, олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев партияның жастар саясатына жетекшілік етеді",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

"Мен балалардың жанарларынан ұшқындап тұрған отты байқап тұрмын. Қалай айтсақ та, көбіне ауылдан шыққан балалар чемпиондыққа қол жеткізеді, себебі олар өмірлік мақсаттарына жету үшін тер төгуден тайынбайды. Олардың көбі үшін - бұл өмірдегі жетістікке жетудің жалғыз мүмкіндігі", - депа тап өттіБақыт Сәрсекбаев.

Сондай-ақ, жаңақорғандықтар партияның сайлауалды тұғырнамасындағы басқа да бағыттарына, жекелей алғанда мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне қолдау білдірді. "Мемлекеттің бұл мәселеге жеткілікті деңгейде назар аударғаны жөн. Қазақ тілінің дәріптелуі мен қолданылу аясын кеңейту қажет. Бұл сұрақ мемлекет пен ұлтқа деген құрметті білдіреді. Егер бүгіннің балалары мемлекеттік тілді мектепте үйреніп жүрсе, ал ересектер үшін оны білмеу проблемаға айналып отыр. Сондықтан "АҚ ЖОЛ" партиясы мемлекеттік тілді меңгермеген ересек адамдар үшін барлық жерде тегін оқыту курстарын ашуды ұсынады", - деп атап өтті "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жаңақорған мекенінде балаларға арналған бір де бір жылы спорт залы жоқ болып шықты.

"Біздің бағдарламада барлық ауылдарды спорт залдарымен қамтамасыз ету туралы жоба қарастырылған, сонымен қатар әрбір ауылда, әрбір қаладағы аулада керек-жарақпен қамтамасыз етілген спорт алаңдары салынуы тиіс. Бұл жұмыстарға аса көп қаржы да қажет емес және мемлекет оны бөлуге міндетті. Сонда ғана біз жаңа чемпиондарды дайындап қана қоймай, жалпы ұлт денсаулығын жақсарта аламыз",- деді Бақыт Сәрсекбаев.

Жаңақорғандағы кездесуде білім беру мен жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы Шиелі ауданында кездесу өткізді. "Қазақстан үшін Парламенттің рөлін күшейту кезегі келіп тұр, ал ол үшін бірінші кезекте қоспартиялы жүйе қажет. Себебі үкімет мүшелерінің және парламент депутаттарының бір партияның мүшелері болуын дұрыс деп есептеуге бола ма? Пікірлердің бәсекесі болмаған жерде даму мүмкін емес. Біз қарапайым халықтың мүддесін қорғау жолында жоғары заң шығарушы органның атқарушы органдармен пікір таластыруға қол жеткізуі үшін күресетін боламыз", - деді Қазыбек Иса.

"Ақжолдықтардың" айтуынша, Шиелі тұрғындары экология және ауыз су мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, уранды жер астындағы сілтіден айыру әдісі кесірінен хими-каттар қалдықтары жер астындағы суға қосылуда деген қауіп бар. Халық "АҚ ЖОЛ" пар-тиясынан жедел түрде аталған мәселені көтеріп, жергілікті тау-кен өндіру кәсіпорнындағы жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті зерттеулерді жүргізуді сұрады.

Келесі бір сұрақ партияның ішкі жұмысына қатысты болды. Жергілікті кәсіпкер, "АҚ ЖОЛ" партиясының мүшесі партия жергілікті аудандық кеңсе шаруашылығын қаржыландырады ма, себебі Шиеліде партияның мүшелері көп деп сауалын қойды. Деле-гация мүшелері бұл сұрақ негізінен жергілікті адамдардың өздеріне байланысты, партия көмек көрсетеді, алайда кеңсені қаржыландырудың негізгі бөлігін аудандық ұйымға мүше болып табылатын жергілікті кәсіпкерлер жауапкершіліктеріне алулары тиіс деп жауап берді.

Ауыл тұрғындарының бірі мұнайдан түскен пайданы барлық қазақстандықтарға теңдей бөлуді ұсынды. Алайда Азат Перуашев бұл пікірмен келіскен жоқ: "Жыл сайын елімізде бюджет қызметкерлерінің жалақылары мен зейнетақыны орташа алғанда 10-15 пайызға өсіріп отырады. Алайда әрбір өсімнен кейін азық-түлік пен тауарлар бағасы, коммуналдық қызметтер тарифі 25-30 пайызға көбейеді. Сондықтан қаражатты жай ғана үлестіре салсақ, онда бағалар бірден аспандап кетеді. Бізге мұнайдан түскен пайданы оңды-солды жұмсамай, заманауи кәсіпорындар тұрғызу, жаңа жұмыс орындарын ашу, нақты іспен айналысқан адамдардың табысын арттыру қажет. Сонда ғана табыстың құны жоғалмай, қажетке жарайды". Кездесуге келгендер партия төрағасының ашық әңгіме жүргізіп, толыққанды жауап бергеніне ризашылықтарын білдірді. "Уәде берген оңайға түсетін еді, ал сіз болсаңыз тікелей жауап бердіңіз. Яғни, "АҚ ЖОЛ" партиясы дауыс жинау үшін қолдан келмес құр уәделерді бермейтіні де сенім ұялатады", - деп кездесуге келгендер өз ойларын ортаға салды.

Шиеліліктер жақын арада "АҚ ЖОЛ"-дың партиялық газетінің жарық көретіндігіне өз үміттерін білдірді, себебі оның қажеттілігі туындап отыр.

Үгіт-насихат тобы шиеліліктерге әлеуметтік сұрақтарға, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне, мемлекеттік тілге, білім беру саласына және де мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беруге қатысты сайлауалды тұғырнамасындағы тезистерін түсіндірді.

"Ақжолдықтар" Жаңақорған және Шиелі тұрғындарын Парламент сайлауында "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны