01.01.2012, 15:47 3638

"Ақ жол" сайлауалды науқанның келесі кезеңін іске асыруға кірісуде

"2012 жылғы 1 қаңтар күні Астанада, "Ақ жол" ҚДП-ның Орталық кеңсесінде Азат Перуашевтың төрағалығымен сайлау науқанының бірінші кезеңін қорытындылаған партияның Республикалық сайлауалды штабының отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен.

Астана. 1-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" сайлауалды науқанның келесі кезеңін іске асыруға кірісуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылғы 1 қаңтар күні Астанада, "Ақ жол" ҚДП-ның Орталық кеңсесінде Азат Перуашевтың төрағалығымен сайлау науқанының бірінші кезеңін қорытындылаған партияның Республикалық сайлауалды штабының отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен.

"Есеп беру кезеңі ішінде Республикалық штабтың топтары еліміздің барлық облыстарында болып, жергілікті халықпен жемісті жұмыс жүргізді. Партияның үгіт-насихат материалда-ры дайындалып, облыстық штабтарға уақтылы жеткізілді. Сайлаушыларды партияның сай-лауалды тұғырнамасымен таныстыру жұмыстары жүргізілуде. "Ақ жол" партиясының билбордтары Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналастырылған, еліміздің облыс орталықтары мен қалаларынының көшелеріндегі үлкен экрандарда, сондай-ақ ірі сауда орталықтарында, қалалық қоғамдық көліктерде және басқа да қоғамдық орындарда сай-лауалды роликтер көрсетілуде", - деп штаб мүшесі, "Ақ жол" партиясының Орталық кеңесінің аймақтармен жұмыс бойынша хатшысы Берік Дүйсембинов баяндады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үгіт-насихат топтары мен Республикалық штаб мүшелері Қостанай, Петропавл, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Көкшетау қалаларында болып қайтты; ондаған ауылдар мен шағын қалаларға барды. Ірі кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын шаруашылықтарда сайлаушылармен 100-ден астам кездесу өтті.

Штабтың аналитикалық қызметінің жетекшісі Айгүл Рупатованың мәліметінше, "партияның депутаттыққа үміткерлерімен болған кездесулердегі сайлаушылармен көтерілген негізгі сұрақтар жұмыспен қамту, бағалардың, коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі, әлеуметтік жәрдемақы, байлар мен кедейлер арасындағы табыс деңгейінің айырмашылығы, баспананың қолжетімділігі, ипотека, білім беру, денсаулық сақтау, соттардың әділдігі, экология және т.б. сұрақтарымен байланысты. Кәсіпкерлікті қолдау, салықтық әкімшілік ету, шағын және орта бизнестің дамуы, индустрияландыру бағдарламасы, өндірісті модернизациялау сұрақтары айрықша ерекшеленеді".

"Сайлауалды кезең ішінде партиямен әлеуметтік модернизациялау, зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бизнесті қорғау, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көмек көрсету, жастар және т.б. мәселелеріне арналған 15 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сайлаушылармен өткен кездесулер мен талқылауларды қорытындылай отырып, "Ақ жол" ҚДП-ның сайлауалды тұғырнамасына қосымша ретінде нақты ұстанымдар жасақталды. Бұл ұстанымдарды партия алдағы парламенттегі 5 жылдық қызметінде қолға алуды көздеп отыр", деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

"2012 жылғы 1 қаңтарға алғандағы жағдай бойынша республикалық басылымдарда 40-тан астам үгіт-насихат материалы, республикалық телеарналарда 96, радиода 11 материал жарық көрді. Алайда, мәслихаттарға үміткерлердің жұмысы мен орталықтан басылымдар-ды қайталау есебінен партия жұмысын жергілікті БАҚ арқылы жарықтандыруға басымдық беріліп отыр. Олардың деңгейінде бұл көрсеткіштер айтарлықтай көп".

ҚДП "жаңа жыл қарсаңында үгіт-насихат жұмысымен айналысушы көлік керуені Қазақстанның барлық облыстарына жол тартты. Керуен қатысушылары еліміз бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ақтөбе қаласында "Ақ жол" партиясының ұйымдастыруымен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, партияның Республикалық штабының мүшесі Бақыт Сәрсекбевтың жүлдесі үшін бокстан жарыс өткендігін еске сала кетті.

Сондай-ақ, "жаңа 2012 жылды қарсылау аясында "Жаңа жылға - Ақ жолмен" атты республикалық спорттық шаралар ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық аймақтарын алғанда 3 мыңнан астам партия жақтастары қатысты. Бірқатар жұмыс топтары күнделікті еліміз бойынша электоратпен жұмыс жүргізуде".

"Ағымдағы жылдың 2 қаңтарынан бастап "Ақ жол" партиясының сайлау науқанының екінші кезеңі басталады. Мұнда еріктілер жұмысы мен партия материалдарын сайлаушылардың тікелей қолдарына тапсыру жұмыстарына көңіл бөлінетін болады. Со-нымен қатар, Республикалық штабтың үгіт-насихат топтары Орал, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды қалаларына барады",- деп хабардар етті партиядан.

"Ирбір топтың құрамы, маршруты және жұмыс кестесі нақтыланды, кезекті іс-шаралардың құжаттары бекітілді және жергілікті штабтардың жұмысын күшейту үшін ұсыныстар жасақталған", - деп мәлімдеді ҚДП.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны