02.06.2010, 16:33 4229

Ақордада ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты мәселелер талқыланды

Ақордада ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты мәселелер талқыланды

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan Today - Ақордада сейсенбі күні Қазақстан президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты мәселелер бойынша мекемеаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Рейдерлікке қарсы тұру мәселесі бойынша ҚР бас прокуроры Қарат Мәми мен Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Илімбеков баяндама жасады.

Отырысқа қатысушылар рейдерлікке қарсы тұру мәселесі бойынша арнайы заң жасау орындылығы туралы және оған қарсы тұруға бағытталған тәжірибелік шаралар жайлы пікір алмасты.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов ағымдағы экологиялық қауіпсіздік мәселесі жайлы ақпар берді. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы табиғат қорғау саласындағы барлық проблематикаға қатысты экологиялық-экономикалық көзқарастарды дәйектеу қажеттігін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға рейдерлікке қарсы тұру және қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіре түсуге бағытталған ықпалды құқықтық тетік жасау жөнінде тапсырма берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны