26.02.2007, 16:42 2765

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Баучер елімізге сапармен келді

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері жөніндегі орынбасары Ричард Баучер бүгін елімізге сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, сапар ақпанның 26 мен 28 аралығына созылады.

"Сапардың басты мақсаты Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетика және өңірлік интеграция саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылауға саяды",- деді СІМ өкілі.

Сапар аясында ел басшылығымен кездесулер ұйымдастырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны