02.02.2009, 18:39 2828

Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің нысандарын салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімге қол қою рәсімі 4 ақпанда болады

Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің нысандарын салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімге қол қою рәсімі 4 ақпанда болады

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің нысандарын салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімге қол қою рәсімі 4 ақпанда болады. Аталмыш құжатқа ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев пен Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Хишам Зараа қол қояды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сауд Арабиясы 1991 жылғы 30 желтоқсанда араб және мұсылман мемлекеттерінің ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады.

1996 жылғы мамыр айында Эр-Рияд қаласында Қазақстанның елшілігі ашылды, ал Сауд Арабиясының елшілігі біздің елімізде 1997 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны