26.05.2008, 16:29 2486

Астанада Қазақстан -Латвия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді

Астанада Қазақстан -Латвия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Латвия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"26-27 мамырда ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев пен Латвия экономика министрі Каспарс Герхардстың төрағалығымен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Латвия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, үкіметаралық комиссияның жұмысы барысында "тараптар сауда, электр қуаты, көлік, маман дайындау, денсаулық сақтау, машина жасау, ауылшаруашылығы салаларындағы ынтымақтатсыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны