07.10.2011, 15:04 4013

Астанада Қазақстан мен Литваның Іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

"Отырыста Қазақстан мен Литва Республикаларының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі талқыланатын болады",- деп хабарланған ҚР премьер министрінің ресми сайтында.

Астана. 7-қазан. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан мен Литваның Іскерлік кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Отырыста Қазақстан мен Литва Республикаларының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі талқыланатын болады",- деп хабарланған ҚР премьер министрінің ресми сайтында.

Литваның Қазақстан Республикасымен экономикалық ынытымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесі 2011 жылғы тамызда бекітілді.

Іскерлік кеңестер бірлескен іс-шаралар - конференциялар, форумдар, іскерлік келісім-шарт жәрмеңкелерін, таныстырылымдар, Литва мен Қазақстанның сауда-экономикалық қарым-қатынасын жандандыруға бағытталған жеке кездесулер өткізеді.

Литва іскерлік кеңесінің отырысы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты негізде Қазақстанда және Литвада өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны