08.10.2009, 11:30 1434

Астанада Қазақстан президентінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысуына дайындық мәселелері қаралды

Астанада Қазақстан президентінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысуына дайындық мәселелері қаралды

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астанада 7 қазанда ҚР сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Даниель Понеман Қазақстан президентінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке қатысуына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ. Саудабаев Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Даниель Понеманды қабылдады. "Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктесітк деңгейін растады, ол кең көлемді әрі жоғары дәрежелі ықпалдастықпен, бекем келісім-құқықтық базасымен сипатталатынын атап өтті", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі жылдың көктемінде АҚШ астанасында өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке Ақ үйдің шақыруымен қатысуына дайындық мәселелерін қарады.

Қ. Саудабаев сондай-ақ, американдық қонаққа мемлекет басшысының 29 тамызды Халықаралық ядролық қарудан азат бейбітшілік күні деп белгілеу жөніндегі бастамасымен таныстырды.

Энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесіне тоқталған тараптар оның оң қарқынын қанағаттанарлық пейілмен атап өтіп, осы саладағы ықпалдастықты тереңдетудің, соның ішінде баламалы қуат көздерін дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны