09.10.2006, 10:31 3011

Астанада Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Ү отырысы басталды

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Астанада Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Ү отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырыс бағдарламасында демократиялық процестердегі саяси партиялардың іс-қызметінің ролі мен тиімділігін арттыру, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейту, қолданыстағы Конституцияның әлеуетін пайдалану және Қазақстанның конституциялық даму перспективалары туралы талқыланады. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, мәжіліс депутаты, "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева баяндама жасайды.

Екінші мәселе бойынша комиссия биліктің өкілетті органдарының құзыреті аясын кеңейту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, "Ауыл" партиясының төрағасы Ғани Қалиевті тыңдайды. Үшінші мәселе бойынша "Ақжол" партиясының төрағасы Илихан Бәйменов сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы Оралбай Ибдікәрімов Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия өкілдерінің Венаға сапарының қорытындысы жөніндегі ақпаратпен таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны