06.04.2010, 15:12 3690

Астанада Жоғарғы қаржылық бақылау органдары халықаралық ұйымының жұмыс тобының үшінші отырысы өтеді

Астанада Жоғарғы қаржылық бақылау органдары халықаралық ұйымының жұмыс тобының үшінші отырысы өтеді

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласында 7-8 сәуірде Жоғарғы қаржылық бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) маңызды ұлттық көрсеткіштер бойынша жұмыс тобының үшінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыста жұмыс тобының мүшелері АҚШ-тың Бас бақылау басқармасы дайындаған маңызды ұлттық көрсеткіштер саласындағы негізгі терминдер және концепциялар бойынша нұсқаудың жобасын қарайды.

"Данияның Ұлттық бақылау-тексеру басқармасы "Жоғары қаржы бақылау органдарының маңызды ұлттық көрсеткіштерді қолдану принциптері" тақырыбына арналған зерттеу нәтижелерін ұсынады. Латвияның Мемлекеттік бақылауы маңызды ұлттық көрсеткіштерді әзірлеп пайдалану саласындағы халықаралық тәжірибеге жасаған шолу нәтижелерін таныстырады. Ресейдің Есеп палатасы ТМД шеңберінде маңызды ұлттық көрсеткіштер бойынша қосалқы жобаның іске асырылуы туралы өзінің есебін оқиды",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Есеп комитетінің хабарлауынша, отырысқа қатысушылар маңызды ұлттық көрсеткіштер жүйесін жоспарлап, енгізу жөніндегі "Ақ кітаптың" құрылымын талқылап, 2011-2013 жылдарға арналған жұмыс жоспарын қабылдайды.

Бұдан брын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның Есеп комитеті де мүшесі болып табылатын жұмыс тобы 2007 жылы Мехико қаласында өткен ИНТОСАИ XIX конгрессінің шешімімен құрылған. Ресей Федерациясының Есеп палатасы жұмыс тобының төрағасы болып табылады. Жұмыс тобының миссиясы - ұлттық және халықаралық деңгейде экономика, экология және әлеуметтік салаларда маңызды ұлттық көрсеткіштерді әзірлеп қолдануға жәрдемдесу.

ИНТОСАИ - жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымы. Оның құрамына әлемнің 185-тен астам жоғары қаржы бақылау органы кіреді. Есеп комитеті ИНТОСАИ ұйымына 2000 жылдың мамыр айында қабылданған.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны