30.11.2006, 10:28 6135

Астрахань қаласында Құрманғазыға ескерткіш орнатылады

МИСКЕУ. 30 қараша. Kazakhstan Today. Ресейдің Астрахань қаласында ұлы қазақ сазгері әрі күйші Құрманғазы Сағырбаевқа ескерткіш орнатылады. Бұл жөніндегі келісімге Қазақстанның Ресейдегі елшісі Жансейіт Түймебаевтың Астрахань облысы үкіметінің мүшелерімен кездесуінде қол жетті, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

Кеше қазақстандық дипломат болашақ монументтің орнатылатын орнын көріп қайтты.

Сонымен қатар, тараптар Астрахандағы Қазақстанның жаңа елшілігі ғимараты құрылысына жер учаскесін бөлу туралы келісті. "Аталған елшілік Ресейдің Астарахань, Волгоград, Оренбург, Саратов, Самара облыстарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызмет көрсетеді", деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай ақ, Ж. Түймебаев Қазақстан -Ресей шекарасында салынып жатқан, Қиғаш өзенінен өтетін көпірдің құрылысымен танысты. "Атырау және Астрахань облыстарын тікелей байланыстыратын көпірді салу туралы шешім теңдей қаржыландыру негізінде үкіметаралық келісім бойынша қабылданған болатын",-дейді баспасөз қызметіндеглер.

Жоспар бойынша көпір 2007 жылы қазан айында пайдалануға беріледі. Сарапшылардың бағалауынша, көпірдің іске қосылуы Қазақстан мен Астрахань облысы арасындағы тауар айналымын 3-4 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, 2006 жылдың он айында Астрахань облысы мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы $92млн.құрады (2005 жылы -$64,5 млн.) және жыл соңында $120 млн. жетуі ықтимал.

Сонымен қатар кездесу барысында Астраханьда қазақстандық компаниялардың жеке инвестицияларына жаңа ықшам аудан тұрғызу туралы келісімге қол жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны