10.09.2007, 16:57 2742

Беларусь Республикасының премьер-министрі 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Беларусь Республикасының премьер-министрі 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10-қыркүйек. АСТАНА. Беларусь Республикасының премьер-министрі Сергей Сидорский 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Сергей Сидорский сапар аясында Астана мен Павлодар облысында болады.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, Беларусь премьер-министрінің сапары Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауына 15 жыл толуына және Астанада "Беларусь ЭКСПО-2007" Ұлттық сауда көрмесінің өткізілуіне орайластырылған.

"Сапар барысында Беларусь үкіметінің ресми келіссөздермен қатар Беларусь Ұлттық сауда көрмесінің, сондай-ақ Астана мен Павлодар қалаларында орналасқан өнеркәсіп және құрылыс нысандарының ашылуына, Астанада өтетін іскер топ өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланған",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны