19.10.2009, 17:48 3289

Біріккен Ұлттар Ұйымы күніне орай елімізде бірқатар салтанатты іс-шаралар жоспарлануда

Біріккен Ұлттар Ұйымы күніне орай елімізде бірқатар салтанатты іс-шаралар жоспарлануда

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - 22-23 қазанда Қазақстан Республикасында жыл сайын 24 қазанда атап өтілетін Біріккен Ұлттар Ұйымы күніне орай салтанатты іс-шаралар жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Атап айтқанда, 23 қазанда СІМ-де мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус және Қазақстанда тіркелген БҰҰ жүйесі ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Ал Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде 2000 жылы БҰҰ саммитінде қабылданған Мыңжылдық даму мақсатына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны