18.01.2008, 18:11 3225

Бішкекте жарық беру шектелді

Бішкекте жарық беру шектелді

Бішкек. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның астанасы Бішкекте жарық беру шектелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Северэлектро" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жұмсалған электр қуатының нормадан асып кетуінен мұндай қадамға баруға тура келген. "Қала бойынша 17-қаңтарда электр қуатының тәуліктік тұтыну көлемі 11,9 млн кВт/сағ құраған, ал лимит 9,330 млн құрайды. Осыған байланысты, сонымен қатар "Карагачевая", "Аламедин" және "Селекционная" қосалқы станциялардағы жөндеу жұмыстарына байланысты "Дордой" базары, Нижняя Ала-Арча аулы, "Аламедин-1" ықшамауданының, "Ак-Орго" және "Ала-Тоо аудандарының абоненттеріне электр қуатын беруде шектеу енгізілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

ААҚ қызметкерлерінің хабарлауынша, "қосымша электр жылыту құрылғыларын пайдалану жағдайды қиындата түсуде. Олардың көбісі қолдан жасалған құрылғылар". "Оларды пайдалану барысында электр қуаты бес есеге дейін артық жұмсалады, ал жылытатын алаң көлемі екі есеге аз",- деп түсіндіріп өтті "Северэлектор" мекемесіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны