10.12.2007, 19:43 3157

Брюссельде «Қазақстан - ЕО» ынтымақтастық Комитетінің 8-ші отырысы өтеді

Брюссельде «Қазақстан - ЕО» ынтымақтастық Комитетінің 8-ші отырысы өтеді

Астана. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Брюссельде 18-желтоқсанда «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» ынтымақтастық Комитетінің 8-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Отырыс жұмысына комитеттің тең төрағасы, сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбаевтің басшылығымен баратын Қазақстанның ресми өкілдері қатысады»,- деп нақтылады сыртқы саясат мекемесінің баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу аясында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы өзара ықпалдастық мәселелерін, соның ішінде екіжақты сауда және инвестициялық іс-қызмет проблемалары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйыманың құрамына кіруі, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сонымен қатар Еуропалық одақтың үстіміздегі жылдың маусымында өткен самитте қабылдаған Еуроодақ пен Орта Азия арасындағы «Жаңа серіктестік стратегиясын» жүзеге асырудың болашағын талқылау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны