06.12.2012, 10:47 4624

Брюссельде ҚР Тәуелсіздігі күні мен Қазақстан-Бельгия дипломатиялық қарым-қатынастарының 20 жылдығына орай қабылдау өтті

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мерекелік шараға Бельгия Корольдігі мен Еуропалық одақтың өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, парламентшілер, дипломаттар, еуропалық мемлекеттердің қоғам өкілдері, бизнес-орталар, шығармашылық интеллигенция мен журналистер қатысты.

Брюссель. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Брюссельде ҚР Тәуелсіздігі күні мен Қазақстан-Бельгия дипломатиялық қарым-қатынастарының 20 жылдығына орай қабылдау өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мерекелік шараға Бельгия Корольдігі мен Еуропалық одақтың өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, парламентшілер, дипломаттар, еуропалық мемлекеттердің қоғам өкілдері, бизнес-орталар, шығармашылық интеллигенция мен журналистер қатысты.

Қабылдаудың барысында қонақтар қазақстандық қонақжайлылықты бағалап, ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты.

Бельгиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елші Алмаз Хамзаев қонақтарды ҚР Тәуелсіздік күнімен және Қазақстан мен Бельгия дипломатиялық қарым-қатынастарының мерейтойымен құттықтағандары үшін алғысын білдірді.

Орталық Азия бойынша Еуроодақтың арнайы өкілі Патриция Флор ҚазАқпараттың тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан халқын ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жиналған қонақтар біздің елімізді келе жатқан мереке - ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстанға одан әрі гүлдеп, өркендеу тілектерін білдірді.

Қонақтарға сыйлықтар жиынтығы тарту етілді. Оның ішіне Қазақстан мен еліміздің халықаралық қызметі туралы, сондай-ақ қазақстан-еуропалық ынтымақтастыққа арналған жарияланымдар енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны