06.04.2009, 19:04 3362

БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі ұйымның құндылықтарын ілгерілетудегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті

БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі ұйымның құндылықтарын ілгерілетудегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті

Астана. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі Жорж Сампайо ұйымның құндылықтарын ілгерілетудегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Стамбулда ашылған Өркениеттер Альянсының екінші жиынына қатысып жатқан парламент сенатының төрағасы - Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше БҰҰ бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі Жорж Сампайомен кездесті.

Кездесу барысында қазіргі әлемдегі конфессияаралық және мәдениетаралық үнқатысуды дамыту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

Біздің еліміздің өркениетаралық және дінаралық үнқатысу ісін ілгерілетудегі біздің еліміздің бастамаларына тоқтала келіп Қ.Тоқаев "Қазақстан әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған қадамдарды іс жүзінде жүзеге асырып отыр", деп атап өтті.

Төраға жүздесушіге үстіміздегі жылдың шілдесінде Астанада өтетін Илемдік және дәстүрі діндер лидерлерінің съезіне шақыру хатын табыс етті.

БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық, реформаторлық және бітімгершілік қызметіне жоғары баға берді.

Ж.Сампайо Орталық Азия аймағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарын ілгерілетудегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтіп, біздің еліміздің екінші жиын жұмысындағы "Достар тобының" мүшесі ретіндегі маңызына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны