08.09.2008, 19:31 2993

Чехия Республикасы парламенті сенатының төрағасы Пржемысл Саботка 9-11 қыркүйекте елімізге ресми сапармен келеді

Чехия Республикасы парламенті сенатының төрағасы Пржемысл Саботка 9-11 қыркүйекте елімізге ресми сапармен келеді

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Чехия Республикасы парламенті сенатының төрағасы Пржемысл Саботка 9-11 қыркүйекте елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат төрағасымен бірге депутаттар тобы мен іскер орталар өкілдері болады.

Сапар барысында Чехия парламенті сенатының басшысы біздің еліміздің жоғарғы заң шығару органы палаталарының басшыларымен, Қазақстан Республикасының премьер-министрімен, сыртқы істер министрімен кездеседі.

П.Саботка Қазақстан-Чехия бизнес-жиынының ашылуына және сауда-экономика, өнеркәсіп және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысындағы хаттамаға қол қою салтанатына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны