06.07.2006, 12:59 2887

Дариға Назарбаева әріптестерін партияларды біріктіру идеясын қолдауға шақырады

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Дариға Назарбаева әріптестерін “Отан” және “Асар” партияларын біріктіру идеясын қолдауға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Мен партияластарымды бірігу идеясын түсініп қолдауға шақырамын. Бұл жете ойластырылған, жауапты шешім дегенге сіздерді сендіремін”,- делінген Д.Назарбаеваның жолдауында.

“2006-жылдың 4-шілдесінде республикалық “Отан” партиясы мен республикалық “Асар” партияларының біріккен сьезінде еліміздегі ең ірі әрі ең ықпалды екі саяси партияны біріктіруге шешім қабылданды. “Асар” партиясы маусым конференциясында көтерген бірігу туралы идея жүзеге асып, біздің үндеуімізге бірінші болып “Отан” үн қатты”,- деді Д.Назарбаева.

Оның пікірінше, “жетекші саяси партиялардың бірігуі шын мәнінде тарихи оқиға болып табылады. Ол көп жағдайда еліміздегі саяси реформалардың әріқарай өрбу барысы мен қоғамды модернизациялау қарқынын айқындайды”.

“Отан” партиясымен біреккен “Асар” тек өзінің атауынан ғана айрылмақ. Бірақ партия негізін қалаған бірегей әлеуметтік және саяси жаңашылдықтар зертханасы жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Партия құрылысы, партияішілік демократия, адамдар арасында жұмыс істеу және олардың пікіріне құлақ аса білу, қарапайым қазақстандықтардың арман-мүддесін ұғына білу дәстүрлеріміз сақталып қалады. Олардың мүддесін парламент пен үкіметте қорғай береміз. Қажырлы, жаңаша ойлай білетін, белсенді , уақыт пен ел сұранысына сай бола білген біздер баршаңызбен біргеміз”,- дейді “Асардың” жетекшісі.

“Асар партиясының адами алтын қоры ұшан-теңіз. Оның қарапайым сарбаздары мен басқарушылары күрделі сайлау науқандары кезінде саяси тұрғыда сапалы есейіп, дербестікке шыңдалды. Сайлау алдындағы өткір күрес ахуалында біз саясат атты күрделі ғылымның әліпбиін игердік. Табыстарымыз да, маңдайымыз тасқа тиіп торыққан тұстарымыз да болды. Біз қиындықтарды бірлесе жеңдік. Біз саяси күрестің бірегей тәжірибесін жинақтадық. Бұл да біздің саяси партияның алтын қоры”.

“Екі партияның бірігуі біздің жұмысымызға тың серпін беріп, алға қойған міндеттерімізді табысты шешуге, республика президенті мен парламент сайлауы кезінде өзімізге жүктеп алған міндеттемелерді атқаруға мүмкіндік береді.
Партиялардың бірігуі халықтық бақылау бөлімдері мен әкімдерге қоғамдық сенім жүктеу комитеттерінің, мәслихаттардағы біздің депутаттық топтардың жұмысын пәрмендендіруге жол ашады.

“Асар” партиясының жастығымен, қуатымен және батылдығымен байыған иықты “Отан“ партиясы туған еліміздің тағдырына қатысты кез-келген батпан жауапкершілікті қайыспай көтере алады”,- делінген жолдауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны