12.01.2009, 19:01 3111

Дохада 16-19 қаңтарда ертеңгі ғаламдық мұсылман көшбасшыларының 3-ші конференциясы өтеді

Дохада 16-19 қаңтарда ертеңгі ғаламдық мұсылман көшбасшыларының 3-ші конференциясы өтеді

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Дохада (Қатар) 16-19 қаңтарда ертеңгі ғаламдық мұсылман көшбасшыларының 3-ші конференциясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Аталмыш шара штаб-пәтері НЬЮ-Йоркте орналасқан "Америка қауымы мұсылмандардың дамуын қолдайды" (ASMA) атты үкіметтік емес ұйыммен бірлесе ұйымдастырылуда.

Конференция мақсаты - қазіргі заман мәселелерін қарастырудағы конструктивті сұхбатқа қолдау көрсету.

Алғашқы конференция Нью-Йорк қаласында 2004 жылы америкалық мұсылмандар қатысуымен өткен болатын. Ал, екінші конференция 2006 жылы Копенгаген қаласында солтүстік Америка және Еуропа батыс елдері мұсылмандары қатысуымен Даниядағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретіне байланысты дау-дамайдан кейін өтті.

Қазақстаннан қатысатын екі өкіл Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы қазақстандық бастамасы туралы баяндайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны