02.10.2007, 15:03 2885

Душанбеде Орта Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 6-шы министрлік конференциясына дайындық басталды

Душанбеде Орта Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 6-шы министрлік конференциясына дайындық басталды

Душанбе. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Орта Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 6-шы министрлік конференциясына дайындық мәселелері Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның Орта Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы кеңесшісі Йоханнес Линнмен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Тәжікстан президентімен кездесуден кейін Й. Линн хабарлағандай, конференцияда бірқатар маңызды мәселелер талқыланады. "Бірінші кезекте министрлер көлік байланысын және сауданы дамытуға ықпал ету стратегиясын талқылайды және қабылдайды деген үміттеміз", - деді Й. Линн. Ол сонымен қатар, бұл стратегия Орта Азия елдеріне Еуропа, Қытай және оңтүстік Азияға шығуға мүмкіндік беретін алты көлік коридорын құруды қамтитынын түсіндірді.

Сонымен бірге, кеңесші сөзіне сүйенсек, қараша айында болатын конференцияда аясында білім берілетін және Орта Азиядағы аймақтық бастамаларға ықпал етілетін Орта Азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық институтын құру мәселесі қаралады.

Й. Линн, сондай-ақ, конференция барысында энергетика саласындағы стратегияны талқылау жоспарланып отырғанын хабарлады.

Орта Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағарламасының министрлер конференциясы Душанбе қаласында 3 қараша күні өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны