25.05.2006, 14:48 3421

Душанбеде ТМД үкімет басшылары 17 құжатқа қол қойды

ДУШАНБЕ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Душанбеде ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында 17 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қол қойылған құжаттар талқылаусыз қабылданды. Атап айтсақ, ТМД елдерінде 2010-жылға дейін халық санағын өткізу туралы шешім, тауарды өндірген елді айқындау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім, орман өнеркәсібі және орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама, техникалық регламенттерді үйлестіру негіздері туралы келісім, денешынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Сондай-ақ, соғыс ардагерлері, жергілікті шиеленістер мен бітімгершілік шараларға қатысушылар мен лаңкестік құрбандарының еңбек қабілетінен айрылуының алдын алу мен тіршілік сапасын арттырудың әлеуметтік және медициналық негіздерін дамыту; ересектердің білімін дамыту; санаткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған мемлекетаралық ақпарат алмасуды жүзеге асыратын ұлттық мәліметтер базасын құру туралы үш тұжырымдамаға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны