06.12.2006, 16:32 3079

ЕҚЫҰ СІМК шешімін қазақстандық дипломатияның жеңісі деп білу қажет- ЕҚЫҰ- мен ынтымақтастық жөніндегі ҚР арнайы өкілі

БРЮССЕЛЬ. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. "Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәселесін 2007 жылы Мадридте өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші мәжілісінде талқылау жөніндегі шешімді қазақстандық дипломатияның жеңісі ретінде қабылдау қажет", деді Қазақстанның бірінші сыртқы істер вице-министрі , ЕҚЫҰ- мен ынтымақтастық жөніндегі ҚР анайы өкілі Рахат Илиев.

"Мұндай шешім қабылдауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға, Лондонға және Брюсселге сапары ықпал етуі мүмкін, сонымен қатар, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің де белсенді атсалысуы оң әсер еткен. Осындай шешімнің нәтижесінде біз 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету мүмкіндігін сақтап қаламыз",-деп атап өтті Р.Илиев.

Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанның төрағалық ету туралы өтініші келесі жылы қаралатын боп шешілген. Қазіргі ЕҚЫҰ төрағасы, Бельгия сыртқы істер министрі Карл де Гюхт қорытынды мәлімдемесінде атап өткеніндей, "министрлер Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету туралы өтінішін 2007 жылы Мадридте Испанияның төрағалығымен өтетін ЕҚЫҰ СІМК-нің 15-ші сессиясында қарауға келісімдерін берді".

ЕҚЫҰ СІМК шешіміне түсінік берген бірінші сыртқы істер вице министрі : "Қазақстан осылайша, Елбасының басқаруындағы демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыстары аясындағы реформаларды сәтті аяқтауға тағы бір жыл уақыт алды",деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны