30.06.2008, 10:10 2918

ЕҚЫҰ-ын сақтау және рөлін арттыру үшін ұйымды реформалау қажет - Леннмаркер

ЕҚЫҰ-ын сақтау және рөлін арттыру үшін ұйымды реформалау қажет - Леннмаркер

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын сақтау және рөлін арттыру үшін ұйымды реформалау қажет. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының пленарлық отырысының ашылуында оның төрағасы Йоран Леннмаркер мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ЕҚЫҰ-ын сақтау және рөлін арттыру үшін шешім қабылдау механизмдерін реформалау және жақсарту қажет", - деді Парламенттік ассамблеяның төрғасы. Ол ЕҚЫҰ аясындағы ашықтықты асыра бағалауға болмайтынын жеткізді. "Бұл ЕҚЫҰ үшін маңызды, демократия үшін маңызды", - деп атап көрсетті Й. Леннмаркер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны