21.09.2006, 13:21 2980

Елбасы Минск қаласында өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында көші-қон, көлік және коммуникациялар мәселесін талқылауға ұсынбақшы

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Минск қаласында таяуда өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында көші-қон, көлік және коммуникациялар мәселесін талқылауға ұсынбақшы. Бұл туралы мемлекет басшысы ТМД елдерінің салықтық (қаржылық) тексеру органдары басшыларының кезекті сегізінші үйлестіру кеңесіне қатысушылармен болған бүгінгі кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазан айында өтетін ТМД саммитінің отырысы күн тәртібіне мен көші-қон, көлік және коммуниациялар мәселесін енгізбекшімін",- деді Н.Назарбаев.

"Біз осынау ғаламдық проблеманы шешіп, ортақы экономикалық кеңістікке қарай жылжи түсуге тиіспіз. ТМД-ның қазіргі төрағасы ретінде мен Достастықтың жұмыс тиімділігін арттыруға барынша талпынатын боламын",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-қазанда Минск қаласында ТМД-ның 15-ші мерейтойлық саммиті өтеді. Саммитте жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді орындау, барлық ТМД елдері үшін уағдаластықтарды жүзеге асыру мерзімін біріздендіру қажеттігі жөніндегі мәселелер талқыланбақшы. Достастықтың іс-қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау мақсатында ТМД аясында әдейі құрылған "ақылмандар алқасы" мемлекет басшыларына ұйымды реформалау тетіктері туралы баяндамаларын таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны