15.03.2010, 16:31 3084

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барады

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 16 және 17 наурызда Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың шақыруымен көршілес мемлекетке ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан тарапы Өзбекстанмен арадағы екіжақты қатыныстарды жоғары бағалай отырып, екі ел арасында саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық және басқа да салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға зор мән береді.

Елбасының ресми сапары екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беруі тиіс.

"Қазақстан президенті Ташкентке екіжақты қарым-қатынастардың түбегейлі мәселелерін конструктивті және жан-жақты негізде талқылау үшін, әрі бүкіл Орталық Азия мен аймақты мекендейтін барлық халықтарға пайдасын тигізе алатын бірлескен шешімдерге қол жеткізу мүмкін деген үмітпен барғалы отыр"-, деп хабарлайды СІМ. Қазақстан тарапы екі-жақты үнқатысуға дайын екенін көрсете отырып, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, су ресурстарын бірлесіп тиімді пайдалану, өзара қызығушылық туғызатын экономикалық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін ұсыныстар енгізуді жоспарлауда.

Қазақстанда аталмыш сапарды көршілес мемлекеттер арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қатынастарын нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп үміттенуде.

Сапар қорытындысында екі президент Бірлескен мәлімдемеге қол қояды деп жоспарлануда. Аталмыш құжатта қазақ және өзбек тараптарының екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелеріне қатысты түбегейлі ұстанымдары белгіленеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны