20.07.2007, 16:27 3159

Еліміз бойынша мәслихат депутатының мандатына үш үміткерден бәсекеге түсуде

АСТАНА. 20-шілде. Kazakhstan Today. Еліміз бойынша мәслихат депутатының мандатына үш үміткерден бәсекеге түсуде. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін өткен брифингте комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ел бойынша орташа бәсекелестік - бір депутаттық мандат үшін 3 кандидаттан таласпақшы.",- деді комиссия төрағасы.

"Бір мандатқа неғұрлым көп баламалылық Астана қаласы бойынша орташа шамамен 5,2 және Алматы қаласы бойынша 4,5 үміткерден болды.

Бір депутаттық мандатқа аса жоғары бәсекелестік Алматы қаласының 14-округі бойынша болады. Ол жерде 12 кандидатура ұсынылды. Сондай-ақ Алматы қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 35 және 31-округтерде бәсекелестік қарқыны жоғары деңгейде тұр. Оларда 7 кандидатурадан ұсынылған.

Осындай жағдай Астанада да қалыптасты. Қалалық мәслихат депутатының мандатына 8 және 23-окургтерде 9 үміткерден, ал 9-округте - 8 үміткер ұсынылды",- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Сондай-ақ, комиссия төрағасның хабарлауынша, 2007 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша 5565 кандидат тіркелген. Олардың ішінен облыстық, Астана және Алматы қалалық депутаттығына 882 кандидат; аудандық мәслихаттар депутаттығына 3772 кандидат; қалалық мәслихаттар депутаттығына 911 кандидат тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны