07.07.2010, 12:36 3915

ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің орталық банктері басшылары қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қарастырмақ

Оның жұмысына Беларусь, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстанның орталық банктерінің басшылары, Мемлекетаралық банктің басшысы, Еуразия даму банкінің өкілдері, Интеграциялық комитеттің хатшылығы және ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің комиссиясы қатысады.

Алматы. 7-шілде. Kazakhstan Today Үстіміздегі жылдың 8 9 шілдесінде Душанбеде ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері басшылары Кеңесінің 22-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Тәжікстанның Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Оның жұмысына Беларусь, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстанның орталық банктерінің басшылары, Мемлекетаралық банктің басшысы, Еуразия даму банкінің өкілдері, Интеграциялық комитеттің хатшылығы және ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің комиссиясы қатысады.

"Бұл отырыста оған қатысушылар Кеңестің 21-ші отырысының әлемдік дағдарыс кезінде банк секторын қолдау және ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты шешімдерінің жүзеге асырылу барысын, тауар айналымына байланысты валюталық төлемдер туралы мәліметтердің жинақ талдауының нәтижесін, ұлттық валюта курстарының динамикасын және олардың өзгеруін талдау нәтижесін, төлем баланстары мен халықаралық резервтер жайын, Қаржылық-несиелеу және валюталық саясат жүргізу механизмінің үйлесуі туралы келісім жобасының әзірлену барысын, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларының шекарадан ақша асыруы жөніндегі мәселелерді қарастырады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, ЕурАзЭҚ 2000 жылы құрылған және де оған кіретін елдердің (Беларусь, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан) ортақ сыртқы кедендік шекарасын құруға, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат құруға байланысты қызметтер жүктелген халықаралық экономикалық ұйым болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны