25.01.2008, 17:15 2882

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің үкімет басшылары біртұтас сауда режимін орнату жөніндегі келісімдердің жобасын қарауға кірісті

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің үкімет басшылары біртұтас сауда режимін орнату жөніндегі келісімдердің жобасын қарауға кірісті

Мәскеу. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде бүгін өтетін Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің отырысында үкімет басшылары біртұтас сауда режимін орнатуға бағытталған тоғыз халықаралық келісімнің жобасын талқылауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұровтың хабарлағанындай, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кедендік одағын құру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына 29 мәселе енген, соның ішінде біртұтас сауда режимін орнатуға бағытталған 9 жоба бүгін қаралады.

Т. Мансұровтың хабарлауынша, күн тәртібіне бұған қосамша біртұтас транспорттық кеңістік құру жөніндегі тұжырымдаманың жобасы қамтылды.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі отырысының күн тәртібінен төрт мәселе алынды. Атап айтсақ, Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану тұжырымдамасының жобасын, ЕурАзЭҚ елдерінің валюталық саясатының принциптері туралы келісімнің жобасын, инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімнің жобасы мен Тауарлардың ЕурАзЭҚ кедендік шекаралары арқылы қозғалысы кезінде кедендік карталарды пайдалану туралы хаттаманың жобасы қаралмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны