21.12.2007, 10:38 1705

Еуразия даму банкі мен ЕурАзЭҚ өзара іс-әрекеттер туралы меморандумға жақын арада қол қойылады

Еуразия даму банкі мен ЕурАзЭҚ өзара іс-әрекеттер туралы меморандумға жақын арада қол қойылады

Мәскеу. 21-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еуразия даму банкі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы хатшылығының өзара әрекеті туралы меморандумға жақын арада қол қойылады. Бұл туралы келісімге 19-желтоқсан күні Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Бас хатшысы Тайыр Мансұровтың Еуразия даму банкінің президенті Игорь Финогеновпен кездесуі кезінде қол жеткізілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер басшыларының Мемлекетаралық кеңестің 6-қазандағы Душанбедегі отырысында интеграциялық процестерді жылдамырақ іске асыру, қоғамдастықтың барлық органдары мен құрылымдарының бұдан да тиімдірек ынтымақтастығын жүзеге асыру бойынша қойған тапсырмаларын іске асыру, әрине, Еуразия даму банкі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының өзара әрекетін күшейтуді де қарастырады. Сондықтан, тараптар жақын арада тиісті Еуразия даму банкі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы хатшылығының өзара әрекеті туралы меморандумға қол қоюға келісті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Иңгіме барысында тараптар акционерлер құрамына қоғамдастықтың өзге де елдерінің кіру процесін жандандыру қажеттілігі туралы келісті. Ол бүкіл Еуразияда көлемді инвестициялық жобаларды іске асырудағы банк мүмкіншілігін бұдан да кең пайдалануға мүмкіндік бермек. И. Финогенов Еуразия даму банкі өз қоржынында Ресей мен Қазақстандағы бірнеше ірі жобалардың бар екені және бүгінгі таңда Қырғызстан мен Тәжікстанда бірқатар қызықты ұсыныстар қарастырылып жатқаны жөнінде құлағдар етті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Еуразия даму банкі 2006 жылы Ресей мен Қазақстан президенттерінің бастамасымен құрылған болатын. Осы екі ел шығарған банктің жарғылық қоры 1,5 млрд АҚШ долларына тең. Банктің негізгі міндеті экономикалық өсімге ықпал ету және инвестициялық қызметті іске асыру жолымен қатысушы елдердің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны