10.10.2007, 15:47 2572

Еуроодақ Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдете түсуден мүдделі - Солана

Еуроодақ Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдете түсуден мүдделі.

Астана. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еуроодақ Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдете түсуден мүдделі. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесуден кейін өткен брифингте Еуроодақ Кеңесінің Бас хатшысы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сапар мақсаты Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасындағы қатынасты тереңдету болып табылады",- деп атап көрсетті Х. Солана. Ол сондай-ақ "Қазақстан Еуроодақ үшін өте маңызды ел болып табылады", деп атап өтті. Ол атап өткендей, Еуроодақ "Орталық Азиямен ынтымақтастық жасаудың жаңа стратегиясын одан әрі ілгерлетпек ниетте. "Біз бұл стратегияны одан әрі тереңдете сипаттап, жүзеге асыра бастамақпыз",- деді ол.

Қазақстанның сыртқы істер министрі өз кезегінде Қазақстанның Еуропалық Одақпен арадағы қатынасын дамытуға мүдделі екендігін атап көрсетіп, "Еуроодақ Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып табылатындығын" атап өтті. Оның айтуынша, 2006 жылы өзара сауда көлемі 22,7 млрд АҚШ долларын құраса, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 12 млрд АҚШ долларын құраған.

"Біз Еуроодақтың бас хатшысы Х.Солананың сапарын қол жеткізілген келісім шарттарды нақтылау процессі үшін қосымша серпін ретінде қарастырып отырмыз",- деп атап көрсетті М. Тажин.

Министр атап өткендей, Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысымен келіссөздер жүргізу барысында "Қазақстан мен Еуроодақтың экономикалық, энергетикалық саладағы бірқатар өзара ықпалдастық мәселелері, сонымен қатар көптеген халықаралық және аймақтық проблемалар" қарастырылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы, Еуроодақтың жалпы сыртқы саясат және қауіпсіздік саласындағы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Хавьер Солана Орталық Азияға сапары аясында Астанада жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны