01.09.2009, 17:40 2706

Гаагада Қазақстан Халқы ассамблеясы мен ЕҚЫҰ өкілдері ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі жайлы талқылайды

Гаагада Қазақстан Халқы ассамблеясы мен ЕҚЫҰ өкілдері ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі жайлы талқылайды

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Гаагада 3-4 қыркүйекте ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі Бас комиссары Кнут Воллебектің қолдауымен Қазақстан Халқы ассамблеясы, ҚР және Нидерланды басшылығы және ЕҚЫҰ институттары өкілдері қатысатын ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі тақырыбында семинар өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ресми өкілдің хабарлауынша, семинар барысында қазақстандық делегация қоғамдық-саяси өмірдегі аз ұлттардың Нидерланды ғылыми-зерттеу және білім топтары өкілдерімен интеграциялануы саласында тәжірибе алмасу мақсатында Фрисланд Академиясында (Луварден қаласы) болып қайтпақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны