11.07.2006, 16:28 3013

Германияның статс сыртқы істер министрі елімізге келеді

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. 13-15-шілдеде Германияның статс сыртқы істер министрі Гернот Эрлер елімізге келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Сапардың мақсаты – Германия Федеративтік Республикасы Еуропалық Одаққа төрағалық жасайтын қарсаңда Орталық Азиядағы ахуалды талқылау, Еуропалық Одақтың біздің аймаққа қатысты жаңа стратегиясына қатысты ұсыныстарды келісу болып табылады”,- деді Е.Ашықбаев.

Орталық Азия елдеріне сапары барысында Г.Эрлер Қырғызстан мен Өзбекстанда болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны