25.01.2008, 16:30 2857

Грузия премьер-министрі жаңа министрлер кабинетін таныстырды

Грузия премьер-министрі жаңа министрлер кабинетін таныстырды

Тбилиси. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Грузия премьер-министрі Владимир Гурегунидзе кеше өткен брифингте жаңа министрлер кабинетін таныстырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ішкі істер министрі Вано Мерабишвили, қорғаныс министрі Давид Кезерашвили, қаржы министрі Ника Гилаури, энергетика министрі Александр Хетагури, ауыл шаруашылық министрі Петре Цискаришвилилер үкіметтегі өз орындарында қалады. Ал Гия Барамидзе болса Грузияның вице-премьері лауазымын сақтап қалды.

Грузияның сыртқы істер министрі лауазымына бұрын дау-дамайларды реттеу жөніндегі мемлекеттік министр қызметін атқарған Давид Бакрадзе ұсынылған. Л. Гургенидзенің айтуынша, Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрі Гела Бежуашвили жеке бизнеске қайтып оралады.

Экономикалық даму министрі лауазымына Грузия президенті әкімшілігінің басшысы Эка Шарашидзе, әділет министріне бас прокурордың орынбасары Ника Гварамия ұсынылса, әділет министрі Эка Ткешелашвили Грузияның бас прокуроры орынтағына жайғаспақ.

Ғылым және білім министрі лауазымына Кавказ бейбітшілік, демократия және даму институтының директоры саясаттанушы Гия Нодия ұсынылған. Ботаника институтының бұрынғы директоры Заза Гамцемлидзе табиғат және табиғи ресурстарды қорғау министрі, ал Ника Вачеишвили мәдениет, спорт және ескерткіштерді қорғау министрі болады.

Сонымен бірге, Грузия үкіметінде жаңа лауазымдар енгізілген: Иулон Гагошидзе диаспора мәселелері жөніндегі мемлекеттік министр, бұрын Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігін басқарған Давид Ткешелашвили аймақтық басқару мәселелері жөніндегі мемлекеттік министр болмақ.

Жаңа үкіметтің құрылымында азаматтық интеграция мәселелері жөніндегі мемлекеттік министр лауазымы мен экономикалық реформа мәселелері жөніндегі мемлекеттік министр лауазымдары жойылған. Михаил Саакашвили Грузия президенті қызметіне кіріскен соң құрамына премьер-министр, 13 министр және төрт мемлекеттік министр өз қызметтерінен кетті. Сол күні М. Саакашвили В. Гургенидзені Грузияның премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойып, оған жаңа үкімет құру жөнінде тапсырма берді.

Грузияның министрлер кабинетінің жаңа құрамы ел парламентінің бекітілуіне бүгін 25-қаңтарда ұсынылады. Грузия конституциясына сәйкес, парламент оны бір апта қарап, сосын жаңа үкімет құрамына және үкімет бағдарламасына сенім білдіру мәселесі бойынша дауыс береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны