09.01.2008, 17:05 2722

Грузиядағы кезектен тыс президент сайлауында Михаил Саакашвили көшбасшылығын сақтап қалды

Грузиядағы кезектен тыс президент сайлауында Михаил Саакашвили көшбасшылығын сақтап қалды

Тбилиси. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Грузияда 5 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауының алдын-ала қорытындысы бойынша ұлттық қозғалыс партиясынан Михаил Саакашвили алда келеді. Бұл туралы Грузия Орталық сайлау комиссиясының бүгін өткен арнаулы брифингінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Леван Тархнишвили мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Леван Тархнишвилидің хабарлауынша, 3482 сайлау учаскесінен келіп түскен мәліметтер өңделгеннен кейін Михаил Саакашвили сайлаушылардың 52,91% дауысын жинады. Біріккен оппозицияның кандидаты Леван Гачечиладзе 25,26%, бизнесмен Бадри Патаркацишвили - 6,99%, Лейбористердің жетекшісі Шалва Нателашвили - 6,42%, "Новые Правые" партиясының жетекшісі Давид Гамкрелидзе - 4,02%, Георгий Маисашвили - 0,76%, Ирина Саришвили - 0,19% дауыс жинады.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, 30 сайлау учаскесінен мәлім жиналмағанымен, "жалпы сайлау қорытынысы ендігі жерде өзгермейді". Президенттік сайлаудың түпкілікті нәтижесін Грузия Орталық сайлау комиссиясы 13 қаңтарда жария етеді.

Ал Грузин оппозициясының өкілдері Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерімен келіспейтіндіктерін, 5 қаңтарда өткен президент сайлауларында "жаппай бұрмалаушылықтар" берең алғанын мәлімдеуде. Біріккен оппозицияның пайымдауынша, іс жүзінде М. Саакашвили 40%-дан артық дауыс жинай алған жоқ, яғни, президенттік сайлаудың екінші туры өткізілуге тиіс.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне наразылық ретінде Біріккен оппозицияның кандидаты Леван Гачечиладзе сәрсенбі күні 14.00 сағатта елдің Қоғамдық телеарнасы ғимаратының жанында мерзімсіз аштық жариялады. Сонымен бірге, 9 саяси партияны қамтитын Грузияның біріккен оппозициясының өкілдері 13 қаңтар, жексенбіде Тбилисидің орталығында жаппай наразылық митингісін өткізбекші.

Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімді президент Михаил Саакашвили 2007 жылдың қараша айында, оппозицияның ауқымды митингісі күшпен қуып таратылғаннан кейін, төтенше жағдай енгізілген ахуалда қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны