06.04.2009, 17:23 3451

Иран Ислам Республикасының президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды

Иран Ислам Республикасының президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды

Астана. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Махмұд Ахмадинежад ресми сапармен келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Елорда әуежайында Иран президентін ҚР Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов қарсы алды. Махмұд Ахмадинежадтың сапары екі күнге созылмақ. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін Иран президенті "Риксос Президент Астана" қонақ үйінде баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сапар барысында Ақордада тар және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіледі. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты, саяси диалогты дамыту, екі жақты және көпжақты форматтағы ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылайды.

Қазақстан Иран жағына машина жасау, инфрақұрылым, транспорта және телекоммуникацияолар салаларына инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырады.

Сондай-ақ, транспорт саласындағы бар әлеуетті пайдалану және Өзен - Гызылгая - Берекет - Этрек - Горган арқылы Иранға шығатын темір жол желісін тарту жобасының маңызы зор. Бұл Парсы шығанағы бағытында және оған кері бағыттағы жүк тасымалын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшылары Каспий мәселесіне де баса назар аударады деп күтілуде. Бұл мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымы Каспий теңізі аймағында тату көршілік қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге негізделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны