08.10.2007, 18:55 3284

Италия Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуін қолдайды

Италия Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуін қолдайды


Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Италия Қавзақстанның ЕҚЫҰ-на 2009 жылы төрағалық етуін қолдайды. Бұл туралы "Қазақстан-Италия" Экономикалық форум барысында Италияның премьер-министрі Романо Проди мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Қазақстанның түрлі халықаралық ұйымдарға, атап айтқанда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін, сонымен қатар, 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылуын қолдаймыз. Біз бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездесу барысында да айтқан болатынбыз",- деді Р. Проди.

"Қазақстан - бұл Орталық Азиының қақпасы, сіздердің ел Ресеймен мықты, достық қатынаста, АҚШ, дамып келе жатқан Қытаймен оңды қатынас орнатқан. Менің пайымдауымша, осы тұрғыда біздің ортақ мүддеміз бар, Италия Қазақстанды басқа елдермен, соның ішінде Орталық Азия елдерімен байланыс орнату үшін серіктес ретінде қолданатын болады",- деп қосты Италияның премьер-министрі.

"Мен Брюссельде болған кезімде Еуроодақтың Орталық Азия аймақтарымен ынтымақтасу стратегиясын әзірлеу үшін көп жұмыстар атқардым, және де біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастыруға дайынбыз",- деп қорытындылады Р. Проди.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны