09.04.2010, 18:01 3210

Қанат Саудабаев Германия, Франция, Түркия сыртқы істер министрлерімен және ЕҚЫҰ Бас хатшысымен телефон арқылы әңгімеде Қырғызстандағы жағдайды талқылады

Қанат Саудабаев Германия, Франция, Түркия сыртқы істер министрлерімен және ЕҚЫҰ Бас хатшысымен телефон арқылы әңгімеде Қырғызстандағы жағдайды талқылады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Германия, Франция, Түркия сыртқы істер министрлерімен және ЕҚЫҰ Бас хатшысымен телефон арқылы әңгімеде Қырғызстандағы жағдайды талқылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бірқатар елдердің сыртқы саяси мекемелерінің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Олардың ішінде Германияның министрі - Гуидо Вестервелле, Францияның министрі - Бернар Кушнер және Түркияның министрі - Ахмет Давутоглу бар. Сонымен қатар ЕҚЫҰ Бас хатшысымен де сөйлесті. Иңгіме барысында Қырғызстандағы жағдай талқыланды",- деді ол.

"Иңгімелесуші тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстан Республикасындағы жағдайға байланысты жасап жатқан әрекеттеріне толық қолдау көрсететіндіктерін айтты және алдағы уақытта да Астананың бастамаларына қолдау көрсете беретіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ әңгіме барысында жағдайдың тез арада оңалуының, тараптардың арасында кең саяси диалог орнатудың және Қырғызстанның барлық халқының мүддесіне сай шешім іздеудің маңыздылығын ерекше атады",- деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "ЕҚЫҰ төрағасының арнайы өкілі Ж.Кәрібжанов 8 сәуір күні Бішкекке келді, ал 9 сәуірде ЕҚЫҰ Превентивтік дипломатия орталығының директоры Герберт Зельбер келіп жетті. Қазіргі күні олар белсенді түрде консультациялар жүргізуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны