11.06.2008, 19:17 2882

Кәрім Мәсімов Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының басшылығымен кездесті

Кәрім Мәсімов Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының басшылығымен кездесті

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы Дэвид Хоббспен және Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының президенті Жозе Лелломен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Дэвид Хоббс Қазақстанмен өзара іс-қимыл тәжірибесі Орта Азия өңіріндегі өзге елдермен ынтымақтастықты дамыту үшін үлгі болып табылатынын айтты.

Солтүстік Атлантикалық альянс өкілдері Астана қаласына жасаған ресми сапарлары барысында Қазақстан Республикасының парламенті мен Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының арасында қол жеткізген белсенді диалог өзара іс-қимылдың іс жүзінде жемісті жалғасатынына ықпал ететінін атап өтті.

"Біз ынтымақтастықты дамыту және өзара тиімді келісімдерді жандандыру қажеттігі туралы ортақ пікірге тоқтадық", - деді Д. Хоббс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны