18.06.2007, 16:07 2563

Каспий жағалауындағы мемлекеттердің СІМ басшыларының үшінші отырысы Тегеранда өтеді

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлігі басшыларының үшінші отырысы 20-маусымда Тегеранда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, аталмыш кездесу барысында Қазақстанның, Изербайжанның, Иранның, Ресей мен Түрікменстанның сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының екінші саммитін өткізетін уақыты мен күн тәртібін талқылайды.

Кездесудің негізгі мазмұнында алдағы саммиттің қорытынды құжаты - декларацияның жобасы қаралып, келісілуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны