18.05.2010, 10:42 2177

Қазақстан ауған халқына қайырымдылық көмек ретінде 3 мың тоннадан астам бидай, ал биыл наурыз айында 6 мың тонна күріш жеткізді

Қазақстан ауған халқына қайырымдылық көмек ретінде 3 мың тоннадан астам бидай, ал биыл наурыз айында 6 мың тонна күріш жеткізді

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан ауған халқына қайырымдылық көмек ретінде 3 мың тоннадан астам бидай, ал биыл наурыз айында 6 мың тонна күріш жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 17 мамырда Ауғанстан Ислам Республикасына ресми сапармен барды.

Сапар барысында Ауғанстанның президенті Хамид Карзаймен, сыртқы істер министрі Залмай Расулмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сол елдегі арнайы өкілі Стефан Де Мистурамен, Еуропа одағының арнайы өкілі Вигаудас Ушацкаспен кездесулер өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отандық дипломатия жетекшісінің былтыр қараша айындағы Ауғанстанға ресми сапары барысында білім беру саласында екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны мәлім. Нұрсұлтан Назарбаев пен Хамид Карзайдың бастауымен әзірленген құжатқа сәйкес 2010-2015 жылдар аралғында 1000-нан астам ауған жастары Қазақстанның орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында бейбіт мамандықтары бойынша дәріс алады.

"Ресми Астана ауған тарапына 4 миллионнан АҚШ долларынан астам сомаға қайырымдылық жәрдем көрсетті және бұл қаржы жолдар, мектеп және ауруханаларды жөндеуге жұмсалған болатын. Соңғы кезде Қазақстан сондай-ақ ауған халқына қайырымдылық көмек ретінде 3 мың тоннадан астам бидай, ал биыл наурыз айында 6 мың тонна күріш жеткізді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны