31.03.2008, 18:09 6839

Қазақстан делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Қазақстан делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының делегациясы 4 сәуірде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда минитрі Владимир Школьниктың басшылық етуімен Қазақстан Республикасының делегациясы 4 сәуірде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің кезекті отырысына қатысады",- деді ол.

"Отырыс барысында, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде кең орта мәселелер талқыланатын болады",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны