21.04.2008, 13:54 1139

Қазақстан ЕҚЫҰ алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті сенімді құралдарға ие -Тәжин

"Біз ЕҚЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға қолдау көрсететін бірегей диалог алаңы ролін одан әрі атқара беруге тиіс", -деп мәлімдеді ҚР СІМ. "Біздің ортақ мақсатымыз - қазіргі заманғы қауіп-қатерлер ұлғая түскен сәтте ұйымды қуатты әрі тиімді болдыра түсу", - деді М. Тәжин.

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті сенімді құралдарға ие. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрі Марат Тәжин Қазақстанның ұйымға төрағалық жасауына дайындық жөніндегі "достар тобымен" кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ЕҚЫҰ-ның әлеуеті жоғары. ЕҚЫҰ алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті сенімді құралдарға біз де иеміз", - деді М. Тәжин.

Оның айтуынша, "Қазақстан қазір ЕҚЫҰ 2010 жылы төраға болу функциясын атқаруға белсене әзірленуде". "Біз бірқатар ұйымдастырушылық қадамдарды жасадық", - деді министр.

"Біз ЕҚЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға қолдау көрсететін бірегей диалог алаңы ролін одан әрі атқара беруге тиіс", -деп мәлімдеді ҚР СІМ.

"Біздің ортақ мақсатымыз - қазіргі заманғы қауіп-қатерлер ұлғая түскен сәтте ұйымды қуатты әрі тиімді болдыра түсу", - деді М. Тәжин.

"Қазақстан ЕҚЫҰ-ның халықаралық сахнадағы, соның ішінде біздің өңірдегі ролі мен ықпалын көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады", -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны