21.01.2008, 19:27 3113

Қазақстан ЕҚЫҰ экономика-экологиялық комитетін басқаратын болады -ҚР СІМ

Қазақстан ЕҚЫҰ экономика-экологиялық комитетін басқаратын болады -ҚР СІМ

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздің ұйымының экономика-экологиялық комитетін басқаратын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Финдердің төрағалығы тарапынан Қазақстанның ЕҚЫҰ аса маңызды жұмыс органы болып табылатын экономика-экологиялық комитетін басқару ұсынылды. Оның бірінші отырысы үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында Венадағы ЕҚЫҰ штаб пәтерінде өтті", - деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Комитетті ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі елші Қайрат Ибдірахманов басқарып, ол өзінің қызметін ұйымдарға қатысушы мемлекеттерді табиғатты қоршауды дамыту және экономикадағы маңызды мәселелерді шешуге назарын аударады. Комитет аясында биылғы жылдың көктемде Прагада " ЕҚЫҰ теңіз және ішкі су жолдары қатынастары саласында қарым- қанынас жасау: қауіпсіздікті нығайту және қоршаған ортаны қорғау" атты тақырыбында өтетін 16 экономикалық форумға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Бұл форум Қазақстан және аймақтағы басқа мемлекеттердің экономикасын нығайтып, теңізге тікелей жолдары жоқ, бірақ транзиттік тасымал мүмкіндігі жоғары елдер үшін аса маңызды", - деді ҚР СІМ.

Былтырғы жылдан бері экономика-экологиялық комитеті ұйымдағы кеңестік процесін жетілдіру бағдарламасына кіргізіліп, оның құрамында гуманитарлық және қауіпсіздік комитеттері де бар. Бұл процесс ЕҚЫҰ қызмет тиімділігін көтеруге бағытталып, оның әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық үш кеңістігі бойынша үйлестіруді күшейтуге бағытталған", - деп түсіндірді ҚР СІМ.

"Қазақстанның бұл қызметке тағайындалуы, біздің елдің экономикалық даму саласындағы жетістіктерге қол жеткізгенінің белгісі. Сонымен қатар, 2010 жылы ЕҚЫҰ Қазақстанның төрағалық етуі, біздің елдің тиісті тәжірибе жинап, халықаралық деңгейде абыройының одан әрі нығаюына үлкен мән берілуде", - деп атап өтті сыртқы істер ведомствосында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны