14.12.2007, 19:08 3448

Қазақстан ЕҚЫҰ институттарын нығайтуды қолдайды

Қазақстан ЕҚЫҰ институттарын нығайтуды қолдайды

Астана. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ-ның институттарын нығайтуды қолдайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Біз ЕҚЫҰ институттарын одан әрі нығайту, сонымен қатар ЕҚЫҰ жоғарғы стандарттарын сақтау және бекітуге жұмыс істейтін боламыз",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазір ЕҚЫҰ өзінің іс-қызметін жаңғыртудың, жетілдірудің қиын кезеңін бастан кешіп отыр. Бірқатар елдер ұйымның іс-қызметінің мақсат-міндеттерін түрліше түсіндіреді. Біздің елдің бұл жағдайдағы ұстанымы барлық тіптен ең өткір мәселелерде мәмлеге келуге қол жеткізу болып табылады",- деп атап өтті президент.

"Біз келешекте ұйымға төрағалық ету кезіндегі негізгі міндеттеріміздің бірін қазіргі проблемаларды ұйымның барлық мүшелерінің тарихи, мәдени ерекшеліктері мен теңдігін ескере отырып өзара тиімді шешуді іздеуден және ортақ тұғырнама табудан көреміз",- деп атап көрсетті ол.

"Еліміз халықаралық тұрғыдан танудың және өзіндік дамудың жаңа кезеңіне шықты, осы ұйымға мүше елдер біздің өтінішімізді қолдап, Қазақстан дамуының стратегиялық векторының дұрыстығы мен оның дүниежүзілік трендтерге сай екендігін растады",- деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Саяси жүйені демократизациялау, азаматтық қоғамды дамыту ең алдымен Қазақстанның өз мүддесі үшін. Бұл жағдайда біздің ұлттық мүддеміз көбіне ЕҚЫҰ стандарттарына сай келеді",- деп атап өтті прездент.

"ЕҚЫҰ-на мүше елдер осы шешіммен біздің мемлекетіміздің дамуының экономикалық және саяси моделінің тиімділігін, біздің ұлтаралық және дінаралық проблемаларды шешудегі тәжірибелеріміздің бағалы және бірегей екендігін мойындап отыр",- деп атап өтті президент.

Н. Назарбаевтың пайымдауынша, ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы шиеленістен кейінгі қалпына келу процессіне араласуы маңызды. "Ұйым осынау көп азап шеккен мемлекет аумағынан тарайтын қауіп-қатерлермен күресте дүниежүзілік қоғамдастықтың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру үшін қосымша құрал бола алар еді",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны