21.11.2011, 16:27 18525

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіруге өтініш береді

Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Францияға, Парижге жұмыс сапарымен барады. Ертең Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қосылуға өтініш береді.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіруге өтініш береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Францияға, Парижге жұмыс сапарымен барады. Ертең Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қосылуға өтініш береді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Францияға жасаған ресми сапарының аясында К.Мәсімов ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесіп, Қазақстанның Ұйымға мүше болу ниетін жария еткен еді.

ЭЫДҰ барлық экономикалық мәселелер бойынша, оның ішінде G7 және G20 аясындағы экономикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздерге арналған ең беделді форумның бірі болып табылады. Бүгінде Ұйымға 34 ел - АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуроодақ елдері, Канада, т.б. елдер мүше. ЭЫДҰ-на мүше елдер мен Ұйыммен қарқынды ынтымақтастық орнатқан елдер (барлығы 40 мемлекет) әлемдік сауда-саттық пен инвестицияның 80 пайызын қамтып отыр.

2010 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Үкіметінің жанынан ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды, кеңес аталмыш ұйыммен ынтымақтастықта түрлі жобаларды жүзеге асыруды үйлестірумен айналысады. 2011 жылдың тамыз айында өткен отырыста ҚР Үкіметі бақылаушы ретінде ЭЫДҰ-ның төрт комитетіне қосылудың бағыттарын бекітті.

Айта кету керек, Қазақстан қазірдің өзінде Ұйыммен ынтымақтастық бойынша бірқатар жобаларға қатысуда. Қазақстанның Ұйымға қосылуы дамыңан елдердің үздік стандарттарын алуға, әлемніңең дамыған елдерімен ықпалдастықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 1947 жылдан бері жұмыс істеп келген Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының негізінде 1961 жылы құрылған. ЭЫДҰ-ның штаб-пәтері Парижде орналасқан (Франция). ЭЫДҰ-ның мақсаты - Ұйымға мүше елдердегі экономиканың орнықты өсуіне және халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге, сондай-ақ көпжақты негізде әлемдік сауда-саттықты кеңейтуді қолдауға бағытталған саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны